about us icon Біз туралы

«Ана мен бала» оңалту орталығы» МКҚК

diagnostika photo

Кәсіпорын 01.06.2007 жылы 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы медициналық ұйымдарында ауруханаішілік жұқтыру АИТВ-инфекциясының ошағы тіркелген салдарынан ” АИТВ-инфекциясын болдырмау, анықтау және оқшаулау” бойынша штаб құрылып , Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес ашылды.

Шымкент қаласының Әкімдігінің 29.08.2018 ж № 128 қаулысымен “Ана мен бала” облыстық оңалту орталығы коммуналдық меншікке қабылданып, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының “Ана мен бала” оңалту орталығы» МКҚК болып қайта құрылды.

0-ден 18 жасқа дейінгі АҚТҚ – инфекциясын жұқтырған балаларға, “В” және “С” созылмалы вирустық гепатитпен ауыратын балалар мен әйелдерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайында МКҚК “Ана мен бала” Оңалту орталығы бүкіл қазақстан бойынша стационарлық жалғыз ұйым.

01.06.2007 жылдан бері МКҚК Ана мен бала” Оңалту орталығы жұмыс істейді , қуатытылығы – 60 төсек-орын, 4 төсек реанимация және интенсивті терапия бөлімі. Кәсіпорынның базасында клиникалық – диагностикалық зерттеулер мен мамандардың консультациялары көрсетіледі: рентгенография ОГК, УДЗ, құрсақ қуысы УДЗ, ЭКГ, жалпы клиникалық, зертханалық зерттеулер, биохимиялық зертханалық зерттеулер, серологиялық зертханалық зерттеулер, кеңестер ЛОР – дәрігер, невролог, кардиолог, стоматолог .

Қажеттіліктің туындауына қарай қосымша тексерулер және консультацияларға облыстық, қалалық медициналық ұйымдар мен республикалық клиникалардың жетекші мамандары тартылады.

Орталық толық кадрлармен жұмыс істейді, мамандар: дәрігерлер ұйымдастырушылар, эпидемиолог, инфекционист, педиатр, терапевт, невролог, каодиолог, акушер-гинеколог, психолог, лаборанттар және т. б. Орталық автоматты биохимиялық, гематологиялық анализаторами және т. б. жабдықталған.

АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін, ретровирусқа қарсы препараттармен және 2011 жылдан бастап балаларға созылмалы вирусты гепатит “В”, “С”-ні емдеуді 2007 жылдан бастап алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы енгізді.

Балаларға медициналық көмек көрсету бойынша (емдеу, диспансерлеу, балаларға психологиялық қолдау көрсету және олардың отбасы) “Ана мен бала” оңалту орталығының мамандары – республикада оң мәртебесі бар, озық тәжірибелі мамандар

2006 жылдан бастап АИТВ-мәртебесін балаларға ашу және оны қабылдау бойынша Қайырымдылық қоғамдық қорымен бірлесіп жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда 232 балаларға мәртебесі ашылған. Балаларға және олардың отбасына психологиялық қолдау бойынша жұмыс жалғасуда (әңгіме, тренингтер, ЮНИСЕФ ұйымдастырған лагерьлеріне қатысу және т. б.).

2017 жылдан бастап дәрігерлерді “АҚ-ның Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университеті” ұйымдастыру кафедрасында, “АҚТҚ – байланысты және АИТВ – байланыссыз аурулары бар емделушілерде АИВ-инфекция: клиникалық және медициналық-әлеуметтік аспектілері” “ECHO” жобасы аясында халықаралық CDC ұйымы, ICAP, PEPFAR колумбиялық университетің қатысуымен және ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығымен қашықтан оқыту жүргізілуде.

2019 жылдың 25-29 наурыз аралығында “”Біркөлік” ” шипажайы базасында бүкіл қазақстандық АИТВ-мен өмір сүретін 12 жастан 18 жасқа дейінгі 84 бала үшін республикалық көктемгі мектеп көшбасшылығы болды. Орталық қызметкерлері жасөспірімдермен 5 күн бойы жаттықтырушылар ретінде өтеусіз негізде тренингтер өткізді. Аталған осы іс-шара «Жастар жылы “аясында ҚР ДСМ “Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының” қатысуымен жүргізілді.

Жыл сайын орталықтың мамандары ” Қазақстанда АҚТҚ-мен ауыратын науқастардың терапиясының тиімді тәсіл мен АРТ  жаңа мүмкіндіктерін пайдалану» бойынша республикалық конференцияларына қатысады.

2019 жылдың маусым айында Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында өткен “АИТВ-инфекциясын заманауи емдеу» атты Халықаралық конференцияға қатысты.

Орталықта денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық жүйелері енгізілген (АИТВ-инфекциясы жағдайларына электрондық бақылау, СУР, ИСЛО, МИС, ЭРДБ және т. б.).

Мекеме электрондық (цифрлық) құжат айналымына ауысуда.

МКҚК “Ана мен бала” оңалту орталығы Шымкент қаласы мен түркістан облысының медициналық ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетеді.

 

Байланыстар

«Ана мен бала» оңалту орталығы» МКҚК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, Толе би, 21а

ana_men_bala@mail.ru

phone icon 77-54-21
Контактный центр
phone icon 77-54-20
Медициналық мекеменің байланыс орталығы